Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN


«Altyn-Barys» бөбекжай-балабақшасы»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

МЕНЮ

1)   МДҰ-ның  толық  атауы:  Түркістан облысының  Қазығұрт  ауданының білім бөлімінің  «Altyn-Barys» bobekjai-balabaqshasy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Сыйымдылығы  95 орын.

2)  МДҰ-ның орналасқан жері: 160300  Түркістан облысы,  Қазығұрт ауданы, Жаңабазар  ауылдық округі, Жаңаталап  елді мекені, С. Рсымбетұлы көшесі №115  А үй.

3. Заңды   тұлғаның  уәкілетті  органымен  тағайындалған  бірінші  басқарушы: Ербосынова Сауле Сатбаевна

Заңды тұлғаның байланыс деректері мекеме сымтетігі:  87763444470

4)  Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері:  Сулейменова Акмарал сарсенбековна  2020 жыл  05 қаңтардағы №1 бұйрықпен меңгеруші болып тағайындалған. Байланыс тел 87018401884

5)   Құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Қазығұрт ауданының Әділет басқармасының заңды тұлғаның мемлекеттік алғашқы мемлекеттік тіркелген күні 2019 жылғы 22 мамырда берілген  бизнес-сәйкестендірме нөмірі  - 190540022283

Түркістан облысының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Altyn-Barys» bobekjai-balabaqshasy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жарғысы 2019 жылғы 22 мамырда  бекітілген.

«Altyn-Barys» bobekjai-balabaqshasy»  жауапкершілігі шектеулі 1 қабатты типтік жобада салынған.  Балабақша  бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне сай жабдықталған.. Балабақша 95 орындық, 4 топ жұмыс жасайды. «Балапан»кіші топ 2 жас, «Құлыншақ» ортаңғы топ  3 жас, «Қыран»  ортаңғы топ 3 жас,  «Барыс» ересек топ 4 жас. Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 8:00- бастап 18:30 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада  4 топта  ойын бөлмелері, жатын бөлмелері, жуынып – шайынатын бөлмелері  бар. Бұдан  басқа  медициналық кабинет, акт залы,  асхана,  қойма,  әдістемелік  кабинеті бар. Материалдық – техникалық  базасы  стандартқа  сай  жабдықталған.  Жылу жүйесі,  кәріз жүйелері  кіргізілген. Су , электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт – дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.  Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте  санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал- сайман жабдықтарымен жабдықталған.

Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған.Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, бөлек қоршаулармен  бөлінген. Балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған.

https://www.instagram.com/altynbarys_kz?stkn=OG81cmZkdXF6cG8w&utm_source=qr

http://www.tiktok.com/@altyn_barys1

https://www.facebook.com/share/1SKQz76ywD/?mibextid=wwXIfr

 

 

© 2026
«Altyn-Barys» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі